Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 26.04.2024, 04:03
    Главная » Архив материалов

    2015 жылғы 22 желтоқсан. Станцияның мәжіліс залында зертханашыларға арналған «Биологиялық материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралар» атты тренинг-семинарды басшының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Н.С. Майканов өткізді.

     

       

      

    Просмотров: 529 | Добавил: pchum | Дата: 23.12.2015



    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

    Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан қастерлі мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек екендігі белгілі. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлейміз.
    Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрс ... Читать дальше »
    Просмотров: 394 | Добавил: pchumkaz | Дата: 16.12.2015


    Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Сізді Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

    Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.

    Халық алдында, мемлекет алдында толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
    ... Читать дальше »

    Просмотров: 357 | Добавил: pchumkaz | Дата: 07.12.2015

    2015 жылғы 6 қазанда Чапаев обаға қарсы күрес бөлімшесі (Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы) жанында «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ-нің ғылыми-практикалық көшпелі Кеңесі өтті.



    Кеңеске Қазақ карантиндік және зоноздық жұқпалар ғылыми орталығының өкілдері, станция мамандары (дәрігерлер, зоологтар) және обаға қарсы күрес бөлімше басшылары қатысты.

    Сонымен қатар Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институттандыру реформасын іске асыру жөнінде 100 нақты қадам мемлекеттік бағдарламасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар бойынша баяндамалар дайындаған аудандық әкімдігі мен прокуратура өкілдері шақырылды.

    Кеңесте 2015 жылдың 9 айында жасалған жұмыстардың нәтижелері, күзгі эпидемияға қарсы маусымға дайындығы және өзге мәселер туралы баяндамалар тыңдалды.



    ... Читать дальше »
    Просмотров: 495 | Добавил: pchum | Дата: 09.10.2015

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау федералдық қызметінің «Микроб» Ресейлік ғылыми-зерттеу обаға қарсы күрес институты» федералдық қазыналық денсаулық сақтау мекемесі (Роспотребнадзор) арасындағы материалдық-техникалық көмек негізінде жасалған автошасси базасындағы орналастырылған мобилді (тез әрекет ететін) зертханаларды жеткізіп беру туралы Келісім шарт шеңберінде «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ жаңа мобилді (тез әрекет ететін) зертхананы алды.





    Просмотров: 476 | Добавил: pchum | Дата: 09.10.2015


    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

    Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан кәсіби мереке – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық екені белгілі. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

    Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды барша ел мақтан етіп, құрметтейді.

    ... Читать дальше »
    Просмотров: 573 | Добавил: pchumkaz | Дата: 12.06.2015

    Ұжым «Орал обаға қарсы күрес станциясы», қызметкерлерiмен бiрге санитарлық-эпидемиологиялық, қызмет Қазақстан халықтарының бiрлiгiн күнге бiрiншi мамыр мерекелiк көрсетуде қатысты.

    Просмотров: 613 | Добавил: pchumkaz | Дата: 16.05.2015

    2015 жылғы  5  мамыр күні Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымында Ұлы Отан соғысы жеңісіне  70 жыл және Қазақстан Республикасы Қарулы күштер күніне арналған салтанатты жиналыс болды.
     
    Бұл салтанатты жиынға ҰОС және тылда еңбек еткен ардагерлер шақырылды, олар өздерінің соғыс және сол кездегі еңбектері туралы естіліктерімен бөлісті. 

    Просмотров: 563 | Добавил: pchumkaz | Дата: 06.05.2015


    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

    Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамына айналды.

    Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Көпұлтты мемлекетке айналған елімізде бүгінгі күні 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, үстіміздегі жылы 20 жылдығы аталып өтілетін Қазақстан халқы Ассамблеяс ... Читать дальше »

    Просмотров: 477 | Добавил: pchumkaz | Дата: 28.04.2015

    2015 жылғы 27 сәуірде Орал қаласындағы теміржол вокзалында ТЖ бөлімшелерінің, облыстық жедел іс-қимыл жасау жасағы, өрттен қорғау,  көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Орал бөлімшесі, Орал дезинфекциялық станциясы, Орал обаға қарсы күрес станциясы және мамандандырылған күзет құрылымдарының қатысуымен ведомствоаралық машықтандыратын (жаттықтыратын) оқу-жаттығу өткізілді.

     


    Оқу-жаттығудың міндеті ретінде   төтенше жағдайларды жою кезінде бірлескен әрекет көрсету тәртібін және   теміржол көлігінде апатты жағдайлар болған кезде құтқару және басқа жедел  жұмыстарды жүргізуге облыстық қызметтерді  ұйымдастырушылар дайындығын тексеру болып табылды. О ... Читать дальше »

    Просмотров: 561 | Добавил: pchumkaz | Дата: 28.04.2015

    « 1 2 ... 23 24 25 26 27 ... 32 33 »
    Бесплатный хостинг uCoz