Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 03.05.2024, 13:08
    Главная » Архив материалов

    2016 жылдың  27 сәуір күні Орал темір жол станциясының жүк тиеу ауласы жанында БҚО ТЖ Департаменті басшылығымен темір жолда  төтенше жағдайлар туындағанда тактикалық-арнаулы іс-шараларды өткізу бойынша  кешенді оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуда темір жол, төтенше жағдай және басқа арнаулы қызметтер іс-қимылдарды жасап көрсетті.  
     
    Медициналық қызметімен  жолаушылар пойызының вагонында  обаның бубонды түрімен күдікті науқас анықталған жағдайында медицина қызметкерлерінің іс-қимылы көрсетілді.
    Оқу-жаттығуға БҚО ТҚҚ бөлімшелерінің: БҚО ТҚҚ облыстық департаменті, Орал обаға қарсы күрес станциясы, Орал қаласы бойынша дезинфекция орталығы, көліктегі ТҚҚ Орал бөлімшелік  басқармасы,   БҚО денсаулық сақтау басқармасының қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясының мамандары оқу-жаттығуға ат салысты.

    ... Читать дальше »

    Просмотров: 551 | Добавил: pchumkaz | Дата: 28.04.2016

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

    Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шынайы көңілден құттықтаймын!
    Тәуелсіздігіміздің даңғыл жолына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды дамып келеді. Биыл қастерлі 25-жылдығымызды атап өтетін осынау егемендік жылдары ішінде алған асуларымыз бен қол жеткізген жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің еншісі мол. Барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің нәтижесінде еліміз бейбітшілік пен татулықтың, достықтың айрықша үлгісін паш етуде. Осынау ізгіліктің арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғаны күмәнсіз. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде Сіздің ұжым қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар.
    Туған Отанымыз – Қазақстанды ... Читать дальше »

    Просмотров: 533 | Добавил: pchumkaz | Дата: 27.04.2016

    «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ қызметкерлері Орал қаласын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жалпы қоғамдық сенбілікке қатысты. Сенбілік кезінде станция аумағы және оған іргелес аумақтардағы қалдықтар мен құрғақ жапырақтарды, бұтақтарды жинау, ағаштарды ақтау және арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.  

    Просмотров: 564 | Добавил: pchumkaz | Дата: 25.04.2016

    2016 жылдың 30 наурыз күні ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы әрекет ету туралы» Заңының 10-3 бабы, 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес қызметкерлерге «Терроризм актілерін жасау қауіпі туындаған жағдайда терроризмге қарсы қорғалуын және іс-әрекеттерін қамтамасыз ету туралы» семинар сабағын өткізді.

    Просмотров: 538 | Добавил: pchumkaz | Дата: 01.04.2016

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
    Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
    Шуақты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – асыл аналарымызға арналса, күллі мұсылман халықтарына жаңа жылдың бастауы саналатын «Наурыз» мерекесін де шат көңілмен қарсы алудамыз.
    Күні мен түні теңескен Наурыз – жаңару мен жасару айы. Наурыз – табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойы. Жаңа жылдың жаршысындай бұл күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп бекер айтпаса керек.
    Ата дәстүрінде бұрын араздасқан ағайын дос жаранның өзі қасиетті той үстінде татуласып, бірін-бірі дәмге шақырып өкпе назды ескі жылға еншілетіп, жаң ... Читать дальше »

    Просмотров: 630 | Добавил: pchumkaz | Дата: 24.03.2016

    2016 жылдың 10-11 наурыз күндері Орал обаға қарсы күрес станциясы «Қазақстандағы аса қауіпті жұқпаларға эпидемиологиялық қадағалау. Тасушылар мен тасымалдаушылардың экологиясы. Биоқауіпсіздік» тақырыбында Батыс Қазақстан аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.


    Конференция жұмысына станцияның, сонымен қатар БҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Орал қаласы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ, «СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК және Ақтөбе, Атырау обаға қарсы күрес станциялардың мамандары қатысты.



    Фотосуреттер

    Просмотров: 532 | Добавил: pchumkaz | Дата: 16.03.2016

    «Орал обаға қарсы күрес станциясы» жанында обаға қарсы күрес станциялар қайта дайындаудың жылсайын өтетін курсы табысты аяқталды.

    .

    Фотосуреттер

     

    Просмотров: 583 | Добавил: pchumkaz | Дата: 04.03.2016

    2016 жылдың 1 наурыз күні әдістемелік көмек көрсету аясында Батыс Қазақстан медициналық колледжінің студенттері, оқытушы Л.Э.Бергеновамен бірге Орал обаға қарсы күрес станциясының мұражайында болды. Студенттерге обаға қарсы күрес станциясының құрылу тарихы айтылып өтілді және экспонаттар көрсетілді. Басшының эпидемиологиялық жұмыс жәнендегі орынбасары, м.ғ.к. Н.С. Майканов экскурсия жасады.

     

    Просмотров: 621 | Добавил: pchumkaz | Дата: 01.03.2016

    Әдістемелік көмек көрсету аясында ШЖҚ «Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» МКК  биоқауіпсіздік және биоқорғау зертханасының  кіші ғылыми қызметкері Д.В.Березовский және ТӨМ РК және АМД микробиолог-дәрігері С.В. Казаков 2016 жылғы ақпан айының 24-26 күндері екі семинар сабағын  өткізді.

    «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ-нің дәрігерлері мен зертханашыларына  «Эпидемиологтар жұмысындағы биостатистика» тақырыбында өткізілсе, ал Батыс Қазақстан облысы аудандарының  және қалалық госпиталь эпидемиологтарына, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық және  Орал қаласы дәрігерлеріне  арнап «БҚО аумағындағы аса қауіпті жұқпалардың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

    Семинарға 27 дәрігер қатысты.
    ... Читать дальше »

    Просмотров: 517 | Добавил: pchumkaz | Дата: 29.02.2016

    2016 жылғы 8 қаңтарда іссапармен келген ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Болатұлы Мәтішев Орал обаға қарсы күрес станциясының ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында аса қауіпті жұқпалар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мәселелері талқыланды.

    Сонымен бірге станцияның құрылымдық бөлімшелер жұмысымен танысты.

    Просмотров: 588 | Добавил: pchumkaz | Дата: 11.01.2016

    « 1 2 ... 22 23 24 25 26 ... 32 33 »
    Бесплатный хостинг uCoz