Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 03.05.2024, 13:13
    Главная » Архив материалов

    2014 жылдың 7-8 тамызы күндері Орал қаласында  Қазақстан Республикасының обаға қарсы күрес қызметінің және Орал обаға қарсы күрес станциясының 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

     

    Конференцияда қаралуға ұсынылған,  негізгі бағыттар.

    1. Биоқауіпсіздіктің өзекті мәселелері

    2. Аса қауіпті инфекциялардың микробиологиясы, эпидемиологиясы және зертханалық диагностикасы.

    3. Аса қауіпті инфекцияларды тасушылар мен таратушылар биологиясы

    4. Аса қауіпті инфекцияларды алдын алу және эпидқадағалауды жетілдіру.

    5. Аумақты санитарлық қорғау және ведомстволық қызметтердің өзара әрекеті.

     

    Конференцияны ұйымдастыру комитеті:

    Байланысушы тұлға – Андрющенко Алексей Васильевич, тел. 8 (711-2) 26-65-22,

    Тезистерді жариялау мәселесі бойынша – Майканов Нурбек Смагулович, Бидашко Федор Григорьевич, тел. 8 (711-2) 26- ... Читать дальше »

    Просмотров: 558 | Добавил: pchumkaz | Дата: 14.07.2014

    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында  қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығын жақсартуға көп көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік саясатта денсаулық сақтау саласында халықтың күнделікті өмірінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және адамдар өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік принципі» басты болу тиіс деп атап көрсетті.

             Орал обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлері  дене шынықтыру және спорттың басқа түрлерімен айналыса отырып, өздерінің дене бітім (физикалық) қалыптарын сақтайды.  Сонымен қатар әртүрлі спорттық сайыстарды ұйымдастырып, оларға қатысады.
     

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне орай өткіз ... Читать дальше »

    Просмотров: 625 | Добавил: pchumkaz | Дата: 09.07.2014

    2014 жылдың 4 шілдесінде ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Орал обаға қарсы күрес станциясында Қазақстанның  астанасы –Астана күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

    Орал обаға қарсы күрес станциясы басшысының м.а. Т.З.Аязбаев Қазақстанның бас қаласы –Астана қаласының гүлдене беруін және ел игілігіне жемісті қызмет етуде біздің еліміздің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.   Станция ұжымын Астана күнімен құттықтап, зор денсаулық және  еңбекте алда болуларын  тіледі.   

    Просмотров: 666 | Добавил: pchumkaz | Дата: 08.07.2014

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
    Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан киелі тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы – елордамыз Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Ел өміріне біркелкі ырғақ беріп, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық тыныс-тіршіліктің күре тамырына айналған еліміздің  бас қаласы – Астананың 16 жылдығын бүгін республика жұртшылығы айрықша атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана – елдігіміздің символына айналды.

    Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім биік ғимараттары бар, Есілге қонған аққудай, бұл әлемдегі ең жас, көркем қала Астананың қалыптасуы – Елбас ... Читать дальше »

    Просмотров: 553 | Добавил: pchumkaz | Дата: 08.07.2014

    Құрметті әріптестер!
    Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі- кез келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең игі, мейірімді мамандық. Осындай мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық,төзімділік пен күш қайрат, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

    Құрметпен, станция басшысының м.а. Т.Аязбаев

    Просмотров: 844 | Добавил: pchumkaz | Дата: 09.06.2014

      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ жанында М. Айқымбаев атындағы ҚКЗИҒО  және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен бірлескен Орта Азия және Моңғолия елдеріндегі обаға қарсы күрес мекемелердің зертханашыларына арналған биоқауіпсіздік және биоқорғау жөнінде оқыту жүргізіліп отыр.

      

    02 маусымда Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия елдерінен келген курсанттармен, өткізілген тренингтерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. 
       

    Тараптар аса қауіпті патогендермен жұмыс істеу кезінде биоқауіпсіздік мәселелер бойынша білімдерін және тәжірибе алмасу қажеттілі ... Читать дальше »

    Просмотров: 623 | Добавил: pchumkaz | Дата: 03.06.2014

     Ағымдағы жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.

    Стратегиялық жоспарда Агенттік 2 негізгі стратегиялық бағытты айқындады:

    бірінші бағыт – тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру;

    екінші бағыт – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасауға, өнімнің (тауарлардың) сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфекциялық сырқаттанушылықтың (оба, дифтерия, қызылша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, пневмококк инфекциясы) өсуіне жол бермеуге және тұрғындарды қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

    ... Читать дальше »
    Просмотров: 707 | Добавил: pchumkaz | Дата: 03.06.2014

    2014 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасы  Б.Б. Қуандықов Орталық Азиядағы CDC бағдарламаларының директоры Джордж Шмидпен және Қолданбалы эпидемиология және зертхана бағдарламаларының кеңесшісі Симон Ажейлатпен кездесті.
    Кездесу барысында қолданбалы эпидемиология және зертхана бағдарламалары бойынша Агенттіктің CDC-мен одан арғы өзара іс-қимылы, кадрларды оқыту, Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша үйлестіру орталығын құру, инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Источник Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

    Просмотров: 556 | Добавил: pchumkaz | Дата: 03.06.2014


    Орта ғасырларда Еуропаның зәресін алған «қара ажал» бүгінде сол кәрінен айырылған. Оны ауыздықтаған дамыған ғылым мен адамдардыңжүйелі жұмысы еді. Күні кешеге дейін қазақ даласындағы ошағын дәрімен емес, оқпен емдеген обаның аты әлі күнге естіген адамды тітіркендіргенмен, ержүрекжандардыңтынымсыз еңбегі арқасында өшіп тұр. Облысымызда обаға қарсы күрес станциясы 1914 жылы құрылған екен, биыл оған 100 жыл толып отыр. «100 жылдық мерейтойды тамыз айында сәнін келтіріп тұрып тойламақпыз» деген обаға қарсы күрес мекемесінің қызметкерлері тойдың ал-ғашқы қадамын Жаңақала жерінен бастап жіберді.

    Мамырдың 12-сі күні Жаңақала ауылындағы күрде­лі жөндеуден өткен Қисық-Қамыс эпидемиологиялық жасағы зертханасының ашылу рәсім жасалып, оған облыстан аталмыш мекеме басшысының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Жанайдар На ... Читать дальше »

    Просмотров: 689 | Добавил: pchumkaz | Дата: 02.06.2014

    Құрметті әріптестер!

    Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы қызметкерлерді Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

    Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

    Сіздің басқаруыңыздағы әскери бөлім сардарлары мен сарбаздары әркез өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға, шекарамыздың тұтастығының сақталуына лайықты үлесін қосып келеді.

    Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңындағы бүгінгі ерекше күні Сіздерге шынайы көңілден бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пе ... Читать дальше »

    Просмотров: 599 | Добавил: pchumkaz | Дата: 13.05.2014

    « 1 2 ... 25 26 27 28 29 ... 32 33 »
    Бесплатный хостинг uCoz