Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 01.05.2024, 21:32
    Главная » 2014 » Июнь » 2 » ЭПИДЖАСАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
    15:43
    ЭПИДЖАСАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ


    Орта ғасырларда Еуропаның зәресін алған «қара ажал» бүгінде сол кәрінен айырылған. Оны ауыздықтаған дамыған ғылым мен адамдардыңжүйелі жұмысы еді. Күні кешеге дейін қазақ даласындағы ошағын дәрімен емес, оқпен емдеген обаның аты әлі күнге естіген адамды тітіркендіргенмен, ержүрекжандардыңтынымсыз еңбегі арқасында өшіп тұр. Облысымызда обаға қарсы күрес станциясы 1914 жылы құрылған екен, биыл оған 100 жыл толып отыр. «100 жылдық мерейтойды тамыз айында сәнін келтіріп тұрып тойламақпыз» деген обаға қарсы күрес мекемесінің қызметкерлері тойдың ал-ғашқы қадамын Жаңақала жерінен бастап жіберді.

    Мамырдың 12-сі күні Жаңақала ауылындағы күрде­лі жөндеуден өткен Қисық-Қамыс эпидемиологиялық жасағы зертханасының ашылу рәсім жасалып, оған облыстан аталмыш мекеме басшысының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Жанайдар Нариманұлы Лұқпанов, аудан әкімі Лавр Рашидұлы Хайретдинов, мекеме бас-шылары, обаға қарсы күрес қызметі ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері қатысты. Ғимарат 1974 жылы пайдалануға беріліпті. Сол жылдардың ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген зертхана тек өткен жылы ғана жаңаруға мүмкіндік алыпты. Зертхананы жөндеу жұмысын «Бекқалиев» ЖШС атқарып шықты. Қазір ғимарат заманауи келбетке ие болып, іші жаңа құрал-жабдықпен қамтылып, жұмыс жасауға әзір тұр.

    Ашылу салтанатында аудан әкімі Лавр Хайретдинов сөз алып, обаға қарсы күрестің маңыздылығына кеңірек тоқталса, Жанайдар Нариманұлы мердігер Сәбит Бекқалиевке Алғысхат және мекеме қызметкерлерінің кейбіріне бағалы сыйлықтар табыс етті. Өзі осы мекемеде 36 жыл, жұбайы 20 жыл жұмыс жасаған соғыс ардагері Мұса Туманов әріптестерінің жемісті еңбек етуіне тілек білдіре отырып, жеткен жетістіктеріне шын жүрегімен қуанып тұрғанын жасырмады.

    Салтанатты митингтен кейін Л.Хайретдинов пен М.Туманов лента қиып, келушілер зертхананың ішіне экскурсия жасады.

    "Жаңарған өңір" газеті

    Просмотров: 689 | Добавил: pchumkaz | Теги: Жаңақала, Қисық-Қамыс, орал | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Бесплатный хостинг uCoz