Ағымдағы жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.
Стратегиялық жоспарда Агенттік 2 негізгі стратегиялық бағытты айқындады:
бірінші бағыт – тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру;
екінші бағыт – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасауға, өнімнің (тауарлардың) сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфекциялық сырқаттанушылықтың (оба, дифтерия, қызылша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, пневмококк инфекциясы) өсуіне жол бермеуге және тұрғындарды қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
...
Читать дальше »