2018 жылғы 16 наурызда ҚР ДСМ ҚДСК Батыс Қазақстан облысы ҚДС Департаментінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша департамент алқасы болып өтті. Департамент басшысы Ж.Б. Құрмановтың, оның орынбасарлары С.Н. Щербина және Д.А. Көбжасаровтың, сондай-ақ аудандық ҚДС басқармасы басшыларының баяндамалары тыңдалды. Алқаға Орал обаға қарсы күрес станциясы басшысының міндетін атқарушы Н.С. Майканов қатысты.