2018 жылғы 15 наурызда ҚР ДСМ ҚДСК БҚО ҚДС Департаментінде санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарға біліктілік санатын беру бойынша аттестациялық комиссияның отырысы болып өтті. Бірінші біліктілік санатын Орал обаға қарсы күрес станциясының бір дәрігері алды, сонымен қатар төрт зертханашы екінші біліктілік санатын алуға емтиханнан өтті.
2018 жылғы 15 наурызда станция мамандарында (дәрігерлер, зоологтар, зертханашылар, дезинфекторлар) эпидемияға қарсы тәртіп бойынша кезекті сынақ болып өтті.
2018 жылғы 13-14 наурыз күндері Орал обаға қарсы күрес станциясы базасында ғылыми-өндірістік кеңес және ғылыми конференцияңың кеңейтілген отырысы болып өтті. 2017 жылға станция қызметі қорытындыланып және 2018 жылға басым міндеттер анықталды. Станция мамандарының баяндамалары тыңдалды. Ғылыми конференция Казақ КСР-ң денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушысы, Орал обаға қарсы күрес станциясының басшысы (1935-1940ж.ж.)- М.М. Шумбаловтың туғанына 145 жыл толуына арналды. ҚР ДСМ ҚДСК Батыс Қазақстан облысы ҚДС Департаменті мамандары қатысты.