13 наурыз күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында облыстың солтүстігінен, өте берілген геолог Якименко Галина басқарған орталықтың жас геологтарымен табылған ихтиозаврдың презентациясы болды. Презентацияны Ульянов облысы Ундор мұражайының палеонтологы, геологиялық және минералогиялық ғылымдар кандидаты Владимир Михайлович Ефимов өткізді. Оның басқаруымен ихтиозавр сүйектері алынып, препаратталды және анықталды. Ең қызығы, ихтиозаврдың жиналған сүйек қалдықтары, мезозой дәуірінде біздің аумағымызда мекендеген, ғылым үшін жаңа түр болып табылатын тірі ағзаларға жататындығы хабарланды. Осы қызықты іс шараға станция атынан, Жайық өз. алқабының төрттік кезеңіндегі қазып алынған жәндіктермен көп жұмыстанған Федор Бидашко қатысты.
...
Читать дальше »