2024 жылғы 14 маусымда кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Орал обаға қарсы күрес станциясының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік Санитариялық дәрігері А.С, Есмағамбетованың мерекелік бейнеүндеуі тыңдалды және станция басшысының Алғыс хаты мен Грамоталары табысталды. Эвакуациялау пункттерінде белсенді жұмыс істеген зертханашыларға БМСД Құрмет грамоталары табысталып, дәрігер С.И. Рамазанова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды.
...
Читать дальше »