2019 жылдың 11-15 қараша күндері Орал обаға қарсы күрес станциясының дәрігерлері «Оба және басқа табиғи-ошақтық ауруларға эпидқадағалау» тақырыбында біліктілікті арттыру циклы өтетін Астрахань қаласында болды. Біліктілікті арттыру тақырыбына ҚР обаға қарсы қызметінің мамандары қатысты. Бұл цикл іргелес аумақтар туралы мемлекетаралық келісім аясында «Микроб» Бүкіл ресейлік обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен ұйымдастырылды. Цикл аяқталғаннан соң сертификаттар табысталды. Мәдени бағдарлама аясында Астрахань облысының Володар ауданы орталығындағы тарихи-мәдени орындарды аралады.
...
Читать дальше »