2017 жылғы 08 маусымда Орал қаласы автовокзалында қалааралық автобуста оба ауруына күдікті науқас анықталған жағдайында алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу арқылы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуды Орал обаға қарсы күрес станциясы ҚДСК департаментінің мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Оқу-жаттығуға облыстық жұқпалар ауруханасының, қалалық жедел жәрдем станциясының, облыстық дезинфекция станциясының, автовокзалдың қызметкерлері қатысты.
Алғашқы эпидемияға қарсы шаралар кешенін өткізу және АҚЖ-мен ауырған науқасты дер кезінде анықтау барысында медицина қызметкерлердің жаттыққан іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді.
...
Читать дальше »