2016 жылдың 27 сәуір күні Орал темір жол станциясының жүк тиеу ауласы жанында БҚО ТЖ Департаменті басшылығымен темір жолда төтенше жағдайлар туындағанда тактикалық-арнаулы іс-шараларды өткізу бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуда темір жол, төтенше жағдай және басқа арнаулы қызметтер іс-қимылдарды жасап көрсетті.
Медициналық қызметімен жолаушылар пойызының вагонында обаның бубонды түрімен күдікті науқас анықталған жағдайында медицина қызметкерлерінің іс-қимылы көрсетілді.
Оқу-жаттығуға БҚО ТҚҚ бөлімшелерінің: БҚО ТҚҚ облыстық департаменті, Орал обаға қарсы күрес станциясы, Орал қаласы бойынша дезинфекция орталығы, көліктегі ТҚҚ Орал бөлімшелік басқармасы, БҚО денсаулық сақтау басқармасының қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясының мамандары оқу-жаттығуға ат салысты.
...
Читать дальше »