«Біз барлық қалалықтарды қаланы тазарту жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз. Қай жерде тазалық – сол жерде тәртіп болады», - дейді БҚО әкімі баспасөз-хатшысының маманы Қайрат Абуов. (
www.bnews.kz мәліметі).
Орал қаласын абаттандыру мен санитарлық тазартудың екі айлығы шеңберінде жалпықалалық сенбілік өткізілді. Көктем жерді барлық қардан тазартқандықтан, қыс бойы жиналып қалған күл-қоқыстарды жоюдың жаңа өзекті мәселесі туындады. Осы мақсатта Орал обаға қарсы күрес станциясының ұжымы мекеме аумағын абаттандыру мен тазарту шарасына белсенді түрде қатынасты.