2017 жылдың қазан айының екінші жартысында, қарашаның басында Орал обаға қарсы күрес станциясының эпидқұрамаларына, олардың жұмысын бақылау мақсатында, жоспарлы жол жүру іске асырылды. Осымен қатар, бір мезгілде аса қауіпті инфекциялардың негізгі және қосалқы тасығыштарының санын және таралуын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жарқанаттар және құстардың фауналық құрамының таралуы зерттелді. Кейбір ірі сүтқоректі жануарлардың таралуы бойынша мәліметтер жиналды.
|