2019 жылдың 11 маусымы күні Орал обаға қарсы күрес станциясының мәжіліс залында «Аса қауіпті жұқпалардың табиғи ошақтарын бақылаудағы қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. М. Айқымбаев атындағы ҚКЗЖҒО, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ обаға қарсы күрес станциясының, ҰСО дезинфекция орталығының, Батыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі ТКҚСҚ басқармасының мамандары қатысты. 5 хабарлама ұсынылды. Семинарға барлығы 35 адам қатысты.
|