2019 жылдың 25-26 мамыры күндері П. Атоян атындағы стадионда Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің құрама командасы құрамында Орал обаға қарсы күрес станциясының мамандары да ат салысты. Спорттың шағын футбол, волейбол, эстафета, арқан тартыс, тартыс, асық ату секілді 6 түріне қатысып, асық ату бойынша жүлделі III-орынға, волейбол бойынша IV-орынға, дартс бойынша IV-орынға ие болды.
|