2019 жылдың 05 маусымы күні М. Өтемісов атындағы БҚМУ табиғи география факультеті корпусында биология және экология кафедрасының «М. Өтемісов атындағы зоологиялық мұражайға 80 жыл» атты тақырыпта кеңейтілген ғылыми-методологиялық отырысы өтті. Семинарға факультеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бұрынғы оқу орнын бітірушілер мен оқытушылар атынан шақырылған қонақтар, Орал обаға қарсы күрес станциясының өкілдері, барлығы 50 жуық адам қатысты. Оқытушылар мен жоғары оқу орнын бітірушілер зоологиялық мұражайды құру және ұйымдастыруда зор үлес қосқан зоология кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері туралы естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар Батыс Қазақстанның табиғи жәдігерлерін дәріптеу және зерттеу, биологиялық әралуандылығын қорғау мәселелер туралы ғылыми баяндамалар оқылды. Семинар қатысушыларына Ф.Г. Бидашконың (ООҚКС жоғары санатты зоологі, жетекші энтомолог,б.ғ.к.) туыстарымен БҚМУ мұражайына сый ретінде ұсынылған, Қазақстан аумағынан жиналған «Жәндіктердің таңғажайып және сырлы әлемі» жаңа энтомологиялық экспозициясы таныстырылды. Ф.Г. Бидашконың қызы Светлана Федоровна Бидашко өз әкесі және оның ғылыми жұмыстары туралы тұсаукесер өткізді.
|