2019 жылдың 25 шілде күні Индербор ауданының өлкелік мұражайына осы аймақтың зерттеуші-авторлар ұжымы атынан «Индер тұз күмбезді ландшафт – Батыс Қазақстан қорығының көркі» атты монография ескерткіш ретінде сыйға тартылды. Бұл кітапта Индер қыратының биологиялық әртүрлілігі, ландшафтың қазіргі уақыттағы жағдайы туралы мәліметтер ұсынылған.
|