2014 жылдың 18 шілдеде Орал қалалық дезинфекция станциясында Батыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы қызметінің туберкулезбен күресу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің органдары мен ұйымдарының қызметінің келісімділігі сұрақтары бойынша дезинфекциялық кеңес өтті.
Дезинфекциялық кеңеске ҚРТҚҚА БҚО ТҚҚД Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, «Облыстық туберкулезға қарсы диспансері» ММ мамандары, ҚРТҚҚА Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Орал бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, ҚРТҚҚА «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ мамандары, облыстық телеарнасының өкілдері қатысты.
Дезинфекциялық кеңес барысында талқыланған мәселелер:
- Батыс Қазақстан облысында туберкулезге қарсы шаралар ұйымдастыру;
- БҚО туберкулезге қарсы қызметінің туберкулезбен күресу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің органдары мен ұйымдарының қызметінің келісімділігі
- туберкулез ошақтарында дезинфекциялық шараларды өткізу;
- туберкулезді алдын алу мәселесінде сауаттылықты көтеру;
- тұрғындарды туберкулезбен күресуде бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді қолдану.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
|