Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Июнь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 02.05.2024, 22:08
    Главная » 2012 » Июнь » 5 » Қазақстан және Ресей шекаралас облыстарының санэпидқызмет өкілдерінің жұмыс кездесуі туралы
    13:47
    Қазақстан және Ресей шекаралас облыстарының санэпидқызмет өкілдерінің жұмыс кездесуі туралы

    2011 жылғы 15 қыркүйекте Астрахан қаласында мемлекет басшыларының қатысумен болған Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық VIII Форумының шешімдерін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен Роспотребнадзорының шекаралас ынтымақтастығын дамыту мақсатымен ағымдағы жылдың 25 мамырында Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының санэпидқадағалау қызметінің өкілдері және Ресей Федерациясы Волгоград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасының басшылары мен мамандарының жұмыс кездесуі өтті.

    Кездесуге қатысқандар: Ресей Федециясы Волгоград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасы тарапынан:

    1. Крючкова Т.П.- Ресей Федерациясы Волгоград облысы бойынша адамдар жағдайын жақсарту және тұтынушылық құқығын қорғау саласын қадағалау бойынша федеральдық қызмет басқармасы басшысының орынбасары.

    2. Монастырский М.В. – Ресей Федерациясы Волгоград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасының аумақты санитарлық қорғау және көлікті қадағалау бөлімінің бастығы.

    3. Кетов Ю.В. – Ресей Федерациясы Волгоград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасының аумақты санитарлық қорғау және көлікті қадағалау бөлімінің бас маманы.

    4. Бескаравайнова А.В.- Ресей Федерациясы Волгоград облысының Роспотребнадзор басқармасының Палласов және Старополтавск аудандарындағы аумақтық бөлімінің бастығы.

    Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының санитарлық- эпидемиологиялық қызметі тарапынан:

    1. Аязбаев Т.З. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Орал обаға қарсы күрес станциясының бастығы.

    2. Мустаев Н.Е.- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы.

    3. Рамазанова С.К. – ҚР ДСМ МСЭҚКД Бөкейорда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы.

    4. Бидашко Ф.Г.- ҚР ДСМ МСЭҚК ООҚКС аса қауіпті инфекциялардың эпизоотологиясы зертханасының меңгерушісі

    5. ҚР ДСМ МСЭҚК БҚО бойынша Департаментінің Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары.

    Кездесуде Кедендік одақтардың мемлекеттік-мүшелері үшін оба , пандемиялық тұмау, Батыс Ніл безгегі, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, бүйрек қан безгегі, түйнеме (сібір жарасы), құтыру және өзге де инфекциялық аурулардың қауіпін азайту жөніндегі міндеттер және бірлескен іс-шаралардың жоспары талқыланды.

    Жоспарларды іске асыру 2012 жылы эпидемиялардың трансшекаралық қауіпіне қарсы әрекет ету жөніндегі екі елдің потенциалын байыпты күшейту және денсаулыққа қауіпті тағамдар мен инфекциялық аурулардың таралуы мен тасылмалдануынан аумақтарды санитарлық қорғауды жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әсіресе бұл Кедендік одақтардың қызмет ету жағдайларында өте маңызды және Бірыңғай экономикалық кеңістікті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Просмотров: 888 | Добавил: pchumkaz | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Бесплатный хостинг uCoz