Сайттың мәзiрi


Форма входа


Iздестiру


Күнтiзбе
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930


Жазуларды архив


Сiлтемелер
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
  • Русско-казахский переводчик online
  • РГКП НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ И МОНИТОРИНГА
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
  • КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
  • ҚР 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
  • "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ
  •  
  •  Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
  •  погода Уральск прогноз погоды


  • Санақ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0


    Приветствую Вас, Гость · RSS 03.05.2024, 12:10
    Главная » 2014 » Апрель » 30 » Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бірінші Алқасы өткізілді
    07:50
    Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бірінші Алқасы өткізілді

    Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бірінші Алқасы өткізілді, Алқаның барысында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері, сондай-ақ  Санитариялық қағидалар мен нормаларды қайта қарауға және бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында рұқсат ету рәсімдерін оңтайландыруға қатысты мәселелер қаралды.

    Алқаның жұмысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының, жегілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

    Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы орталық мемлекеттік орган ретінде 2013 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы Агенттік төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшин сөз сөйледі.

    Агенттік төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшин өзінің баяндамасында бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттілігін, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламада айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін аумақтық органдар басшыларының жауапкершіліктері туралы ерекше атап айтты.

    Осыған байланысты, облыстар, Астана мен Алматы қалалары департаменттерінің басшыларына инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы және жоспардан тыс вакцинациямен қамтуға және мұқият эпидемиологиялық тексерулер жүргізуге тапсырма берілді.

    Агенттіктің департаменттері басшыларының баяндамаларында айтылғандай, қазіргі кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің барлық тетіктерін айтарлықтай қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын камералық бақылау тетігін енгізу көзделуде, бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін камералық бақылауды жүзеге асыруға және On-line режимде сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізудің айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Осыған байланысты, осы мәселені мүдделі органдар және ұйымдармен мұқият пысықтауға, сондай-ақ «Өнімнің қауіпсіздігі туралы бірыңғай деректер базасы» ақпараттық жүйесінің құрылымын дайындауға тапсырма берілді.

    (Агенттіктің жанынан) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру бойынша мәселені пысықтауға тапсырма берілді, бұл Комиссияның қызметі тамақ және азық-түлік қауіпсіздігі, тарифтік емес және тарифтік саясат, денсаулық сақтау ісі, байланыс және ақпарат бойынша мәселелерді реттейтін уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ бизнес қоғамдастығы өкілдері арасындағы жедел өзара іс-қимылға бағытталатын болады.

    Бизнестің жүктемесін азайту мақсатында Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары жеңілдетілді және біріздендірілді.  Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ынталандыру шараларына көшу ұсынылады.

    Атап айтқанда, объектінің санитариялық-эпидемиологиялық паспортын алған жағдайда, нарық субъектілерін тексерулерден босату болжанады.

    Одан басқа, өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз (міндетті) талаптарды белгілей отырып, оларды жеңілдету арқылы санитариялық қағидаларды жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен Санитариялық қағидаларды жетілдірудің және кәсіпкерлік субъектілердің жауапкершілігін сақтандырудың болжамды тәсілдерін пысықтауға тапсырма берілді.

    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ақпараттық жүйесін құру туралы шешім қабылданды, бұл  Агенттік қызметінің  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Эпидемиологиялық бақылау», «Санитариялық-гигиеналық бақылау», «Өнімнің қауіпсіздігін бақылау» деген 4 бағыты бойынша ақпараттық жүйені қамтитын болады.

    Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа модельін көздейтін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеу мәселесі талқыланды.

    Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері арасында тұтынушылық тауарлардың сапасын бағалау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы қоғамдық бақылаудың жаңа тетігін енгізу ұсынылады.

    Одан басқа, «Қауіп-қатерді бағалау және санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы тәуекелдерді басқару бойынша кешенді шаралардың» жаңа модельі талқыланды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша санитариялық қағидаларға сәйкестігіне тексеру және рұқсат ету құжаттарын (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) беру болып табылатын сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін негізгі факторлар атап айтылды.

    Сондай-ақ Агенттіктің орталық аппаратының, аумақтық органдары мен ұйымдарының қызметкерлерін «орталық-өңір», «өңір-орталық», өңір-өңір» схемасы бойынша алмастыру туралы мәселе қаралды.

    Қорыта келе, Агенттіктің аумақтық органдары мен ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, халықпен жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету және «Нұр отан» партиясының филиалдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді.

                                                    

     

    Стратегиялық дамыту департаменті

    Просмотров: 697 | Добавил: pchumkaz | Теги: Қазақстан Республикасы Тұтынушылард, Қазақстан, Саламатты Қазақстан | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Бесплатный хостинг uCoz