2018 жылдың 23 қазанында Қазақстанда алғаш рет еріксіз жағдайларда (БҚО Тасқала ауданындағы ақбөкендер питомнигі) өсірілген 5 ақбөкен (аталықтар) еркіндікке шығарылды. Ақбөкендерді шығарар алдында, оларға Флорида (АҚШ) университеті ұсынған GPS радиошамшырағы бар мойындықтар тағылды және зерттеуге биологиялық сұйықтықтар сынамасы алынды. Эктопаразиттердің бар-жоқтығына ақбөкендер тексерілді. Аталмыш іс-шараға Жәңгірхан атындағы БҚАТУ оқытушылары мен студенттері, БҚПҒЗИ (Отар қта), ООҚКС, Қаз. аң аулау кәсіпшілігінің, орманды қорғау аумақтық инпекциясының мамандары қатысты.
|