2013 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы «Волжанка» нүктесінде еріксіз дала бөкендерін (ақ бөкен) өсіру бойынша Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің (БҚАТУ) питомнигі бар. 2018 жылғы қыркүйек айының екінші онкүндігінде Флорида университетінен, БҚАТУ-нен, ООҚКС-нан ақ бөкендерді сақтап қалу мәселесімен айналысатын зерттеушілер тобы питомникте болып қайтты.
|